Алматы қаласының Балалардың құқықтарын қорғау орталығында оқыту тренингі өтті
Алматы қаласының Балалардың құқығын қорғау орталығының әдіскерлері кәсіби дағдыларды дамытуға, командалық жұмысты нығайту мен өзара тәжірибе алмасуға бағытталған оқыту тренингін өткізді.
Іс-шара бағдарламасына интерактивті ойын бөлімі, ақпараттық сессиялар, командалық тапсырмалар, сондай-ақ атқарылған жұмыстарды қорытындылау кезеңі енгізілді. Тренинг барысында қатысушылар балалардың құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, тиімді кейстерімен бөлісті. Сонымен қатар білім беру ұйымдарымен және отбасылармен өзара іс-қимыл жасаудың жаңа тәсілдерін қарастырды.
Мұндай іс-шаралар командалық рухты нығайту мен кәсіби диалогты дамытуға, жұмыс өнімділігін арттыруға және мамандар қызметінде бірыңғай тәсілді қалыптастыруға ықпал етеді. Тренинг тәжірибе алмасуға, жаңа идеяларды туындатуға және Орталық жұмысының тиімділігін одан әрі жетілдіруге арналған маңызды алаңға айналды.




