2026 жыл 18 мамыр — 8 маусым аралығында «Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» атты акция аясында
колледжде «Ата-ана тәрбиесі – бала мінезінің іргетасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – отбасы құндылықтарын нығайту, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлін арттыру және отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу.
Кездесуге «Балалардың құқығын қорғау орталығы» ұйымының директор орынбасары Оразбекова Гүлнар Паруховна, әдіскерлер Сыздықова Анар Болатхановна және Төлегенова Майгүл Аскербекқызы қатысып, ата-аналарға құнды кеңестерін беріп, тәжірибелерімен бөлісті.
Сондай-ақ, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің профессорлары мен оқытушылары қатысып, мазмұнды баяндамалар жасап, ата-аналармен ашық сұхбат құрды.
ЮПБ инспекторлары Умарова Жанар мен Жұмабек Бексұлтан отбасындағы зорлық-зомбылықтың жасөспірімдерге тигізетін кері әсері туралы маңызды ақпараттармен бөлісті.
Ата-аналар өз пікірлерін білдіріп, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды.
Колледж психологтары Әсем Сағатқызы мен Мейрамгүл Нұрбекқызы практикалық жұмыстар жүргізіп, пайдалы психологиялық жаттығулар ұйымдастырды.
Берекелі отбасы – бақытты баланың кепілі!
Баланың жарқын болашағы отбасындағы сүйіспеншілік пен дұрыс тәрбиеден басталады
2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы балалардың құқықтарын қорғау, қорғаншылық және қамқоршылық мәселелері бойынша аудандық әдіскерлер қызметінің қорытындылары.
Алматы қаласының Балалардың құқықтарын қорғау орталығы 2026 жылғы 1 қаңтар мен 19 маусым аралығында қорғаншылық, қамқоршылық және кәмелетке толмағандардың заңды


