«Балалық шақ планетасы»

№224 жалпы білім беретін мектепте Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балалық шақ планетасы» атты қайырымдылық мерекелік акциясы өтті.

Іс-шараға Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Зафар Аппазов қолдау білдіріп, балаларды мерекемен құттықтап, оларға жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тіледі.

Мерекенің құрметті қонағы ретінде Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау орталығы директорының міндетін атқарушы Арман Жеделов қатысты. Ол өзінің құттықтау сөзінде балаларға зор денсаулық, оқуда табыс, бақытты балалық шақ және ең асыл армандарының орындалуын тіледі.

Іс-шара соңында балаларға сыйлықтар табысталды. Барлық бүлдіршіндер сыйлықтарды қуана қабылдап, көтеріңкі көңіл күймен тарасты. Мерекелік шара балаларға ерекше әсер сыйлап, жарқын эмоцияларға толы күн болды.

Егер сіздің балаңыз қиын өмірлік жағдайға тап болса — отбасында, мектепте немесе қоғамда, сіз кеңес алу және қолдау алу үшін біздің байланыс орталығына жүгіне аласыз. Орталық мамандары балалар мен олардың ата-аналарына тегін заңгерлік және психологиялық көмек көрсетеді. Кол-центр

«Балалық шақ планетасы»

№224 жалпы білім беретін мектепте Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балалық шақ планетасы» атты қайырымдылық мерекелік акциясы өтті. Іс-шараға Балалардың

Алматы қаласының Балалардың құқықтарын қорғау орталығы балаларға арналған қайырымдылық акциясын өткізді.

Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының Балалардың құқықтарын қорғау орталығы Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында әлеуметтік осал және тұрмысы төмен

Алматы қаласының Балалардың құқықтарын қорғау орталығында оқыту және тәжірибе алмасу

Алматы қаласының Балалардың құқықтарын қорғау орталығында оқыту тренингі өтті Алматы қаласының Балалардың құқығын қорғау орталығының әдіскерлері кәсіби дағдыларды дамытуға, командалық