№224 жалпы білім беретін мектепте Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балалық шақ планетасы» атты қайырымдылық мерекелік акциясы өтті.
Іс-шараға Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Зафар Аппазов қолдау білдіріп, балаларды мерекемен құттықтап, оларға жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тіледі.
Мерекенің құрметті қонағы ретінде Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау орталығы директорының міндетін атқарушы Арман Жеделов қатысты. Ол өзінің құттықтау сөзінде балаларға зор денсаулық, оқуда табыс, бақытты балалық шақ және ең асыл армандарының орындалуын тіледі.
Іс-шара соңында балаларға сыйлықтар табысталды. Барлық бүлдіршіндер сыйлықтарды қуана қабылдап, көтеріңкі көңіл күймен тарасты. Мерекелік шара балаларға ерекше әсер сыйлап, жарқын эмоцияларға толы күн болды.






