Бүгін Алматы қаласы Білім басқармасының «Балалардың құқықтарын қорғау орталығы» КММ-де кезекті апталық лездеме өтті.
Жиын барысында әдіскерлердің өткен аптада атқарылған жұмыстар туралы есебі тыңдалып, Орталық қызметінің өзекті мәселелері талқыланды.
Орталық директоры жұмыс тиімділігін одан әрі арттыруға, сондай-ақ балалар мен олардың отбасыларына көрсетілетін көмектің сапасын жақсартуға бағытталған жаңа мақсаттар мен міндеттерді айқындады.
Мұндай кездесулер жұмысты дұрыс ұйымдастыруға, түйткілді тұстарды анықтауға және ұжымның бірлескен әрекетін нығайтуға көмектеседі.







