2025 жылғы 29 қазанда Алматы қаласының №59 мектебінде Білім басқармасының «Балалардың құқықтарын қорғау орталығы» КММ мамандары «Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі кешенді іс-шаралар (жасөспірімдер арасындағы буллинг)» тақырыбында семинар өткізді.
Ұйымдастырушылар мен спикерлер: әдіскерлер Тілеу Аружан, Аймбек Назерке, Досматова Салтанат, заңгер Тілеуқабыл Мәди, психолог Сыздықова Анар, статистика және талдау бөлімінің басшысы Жебегенова Орынкыз.
Семинарға Түрксіб ауданының мектеп психологтары, әлеуметтік педагогтары және тәрбие ісі жөніндегі мамандары қатысты.
Мұндай кездесулер әрбір бала үшін қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыруға ықпал етеді. Балалардың құқықтарын қорғау орталығы осындай семинарларды Алматының барлық аудандарында тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр.


