2025 жылғы 31 қазанда Алатау ауданында Алматы қаласы Білім басқармасының «Балалардың құқықтарын қорғау орталығы» КММ мамандарының ұйымдастыруымен мектептердің әлеуметтік педагогтарына арналған семинар өтті.
Кездесудің тақырыбы — балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, соның ішінде өмір сүру, отбасы, білім алу және қауіпсіздік құқықтарын қамтамасыз ету. Қатысушылар бала құқықтарын қорғаудың негізгі мәселелерін талқылап, өзара тәжірибе алмасты және әдістемелік ұсынымдар алды.
Семинар мамандардың кәсіби қарым-қатынасы мен құзыреттілігін арттыру үшін пайдалы алаңға айналды.

