Балалардың құқықтарын қорғау орталығында ЮНИСЕФ өкілдерімен кездесу өтті

Балалардың құқықтарын қорғау орталығында бала құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелерін талқылауға және алдағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.

Іс-шара барысында ЮНИСЕФ өкілі Азамат Жаманчинов Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтарын іске асыру және қамтамасыз ету туралы баяндама жасап, балалар саясатының заманауи сын-қатерлері мен басым бағыттарына тоқталды. Халықаралық сарапшы Тамах Мерфет пен ЮНИСЕФ кеңесшісі Әйгерім Мұсабалинова бала құқықтарын қорғау саласындағы кәсіби тәжірибелерімен және практикалық әзірлемелерімен бөлісті.

Сондай-ақ, Балалардың құқықтарын қорғау орталығының директоры Орталықтың қызметі, жұмыстың негізгі бағыттары және бала құқықтарын қамтамасыз ету мен қорғау бойынша іске асырылып жатқан шаралар туралы ақпарат берді.

Кездесу қорытындысы бойынша Балалардың құқықтарын қорғау орталығы ЮНИСЕФ-ке сындарлы диалог, сарапшылық қолдау және бала құқықтарын қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Тараптар алдағы ынтымақтастық серіктестікті нығайтуға және бала құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін енгізуге ықпал ететініне сенім білдірді.

Егер сіздің балаңыз қиын өмірлік жағдайға тап болса — отбасында, мектепте немесе қоғамда, сіз кеңес алу және қолдау алу үшін біздің байланыс орталығына жүгіне аласыз. Орталық мамандары балалар мен олардың ата-аналарына тегін заңгерлік және психологиялық көмек көрсетеді. Кол-центр

Алматыдағы Балалардың құқықтарын қорғау орталығында жұмыс қорытындылары мен жаңа міндеттер талқыланды

Алматы қаласының Балалардың құқықтарын қорғау орталығының басшылығы бас офис пен аудандық әдістемелік қызмет мамандарының қатысуымен жұмыс кеңесін өткізді. Кездесу барысында

«Балалық шақ планетасы»

№224 жалпы білім беретін мектепте Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балалық шақ планетасы» атты қайырымдылық мерекелік акциясы өтті. Іс-шараға Балалардың

Алматы қаласының Балалардың құқықтарын қорғау орталығы балаларға арналған қайырымдылық акциясын өткізді.

Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының Балалардың құқықтарын қорғау орталығы Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында әлеуметтік осал және тұрмысы төмен